$ 522.19 € 606.42 ₽ 6.47

"Вирус тарап жатыр": Қазақстанға эпидемиологиялық қауіп төніп тұр ма? (ВИДЕО)

Редакция
11 қараша 2025 12:19 221
Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов елде вирус тарап жатқаны туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты растады, бірақ эпидемиологиялық қауіп жоқ екенін айтты.
"Вирус тарап жатыр": Қазақстанға эпидемиологиялық қауіп төніп тұр ма? (ВИДЕО) Сурет авторы: Qrnews

Әлеуметтік желілерде қалаларда вирус тарап жатқаны, балалар мен ересектердің көптеп ауруханаға түсуі туралы хабарламалар тараған еді. Осыған байланысты редакция журналисі денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратовқа сұрақ қойды.

Үкімет үйінде өткен баспасөз конференциясында вице-министр аталған жағдайлардың тіркеліп жатқанын растады. Ол бұл құбылыстың күз бен қыс арасындағы өтпелі кезеңге байланысты екенін, сондай-ақ климаты ұқсас өзге елдерде де байқалатынын айтты.

Тимур Мұратов жағдай уақытша екенін, қазіргі таңда елде эпидемиологиялық қауіптің жоқ екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар