$ 509.94 € 593.88 ₽ 6.43

Ваучер арқылы емделу: Денсаулық сақтау жүйесіндегі үлкен өзгеріс

Редакция
09 қаңтар 2026, 13:17
Ваучер арқылы емделу: Денсаулық сақтау жүйесіндегі үлкен өзгеріс Сурет авторы: КТК

Денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау мәселелерін талқылау барысында медициналық қызмет алу процесін ашық әрі ыңғайлы ететін жаңа жоба туралы белгілі болды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл жаңашылдық «Әлеуметтік әмиян» жобасының негізінде жүзеге аспақ. Қазіргі уақытта қазақстандықтар аталған жоба арқылы амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмек пакеттерін алып жатыр. Алайда биылдан бастап бұл қызметтің аясы кеңейіп, сервис жекеменшік дәріханаларда да қолжетімді болады. Бұл ретте дәрі-дәрмек құнының бір бөлігін мемлекет төлесе, қалған бөлігін тұрғындар қосымша төлем механизмі арқылы өтей алады.

Медициналық ваучерлерді енгізу бастамасы қызмет көрсету сапасын арттырып қана қоймай, бюджет қаржысының жұмсалуын тұрғындардың өздеріне бақылауға жағдай жасайды. Осылайша, әрбір азамат өзіне тиесілі көмектің қай жерде және қалай көрсетілгенін цифрлық жүйе арқылы қадағалай алады.

Соңғы жаңалықтар