$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Вашингтондағы ұшақ апатынан ешкім аман қалмады

Редакция
31 қаңтар 2025 02:25 3100
Вашингтондағы ұшақ апатынан ешкім аман қалмады Сурет авторы: Andrew Harnik / Getty Images

29 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де American Airlines әуе компаниясының Уичитодан Вашингтонға бағыт алған жолаушылар ұшағы әуежай маңында әскери тікұшақпен соқтығысып, Потомак өзеніне құлады. Оқиға салдарынан борттағы 67 адамның барлығы қаза тапты.

Апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағында 60 адам және экипаждың 4 мүшесі болған, ал тікұшақ бортында үш әскери қызметкер болған. Олардың ешқайсысы аман қалмады.

Ұшақ жолаушыларының арасында мәнерлеп сырғанаушылар, жаттықтырушылар және олардың отбасы мүшелері болған. Олар Канзас штатында өткен АҚШ-тың ұлттық чемпионатынан қайтып келе жатқан. Қайтыс болғандар арасында фигуристердің бұрынғы әлем чемпиондары Евгения Шишкова мен Вадим Наумов бар.

АҚШ президенті Дональд Трамп апаттан кейін өткен баспасөз мәслихатында 67 адамның қаза болғанын растады. Ол елде аза тұту сағатын жариялап, брифинг бір минут үнсіздікпен басталды. Сондай-ақ Трамп АҚШ билігі қаза тапқан ресейлік азаматтардың денесін отанына жеткізуге көмектесетінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар