$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Елдос Қоспаевқа қатысты сот үкімі шықты

Редакция
28 қаңтар 2025 08:32 1126
Ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Елдос Қоспаевқа қатысты сот үкімі шықты

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Елдос Қоспаевты 15 жылға бас бостандығынан айырды.

2023 жылдың қыркүйегінде Елдос Қоспаев пен оның топ мүшелері ұсталып, Солтүстік Кипрден Қазақстанға экстрадицияланған болатын. Оларға рейдерлік әрекеттер жасады, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деген айып тағылды.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, Қоспаевтың қылмыстық тобына 11 адам кірген. Олар бірқатар компанияларды рейдерлік жолмен басып алды деп күдіктелді:

  • AV-Construction;

  • Profit Trade LTD;

  • Azovita Aktau;

  • Azovita Atyrau.

Сонымен қатар серіктері:

Айдос Қоспаев – 12 жылға бас бостандығынан айыру,

Руслан Шалин - 12 жылға бас бостандығынан айыру,

Еран Имашев – 12 жылға бас бостандығынан айыру,

Камардина Алымова - 12 жылға бас бостандығынан айыру,

Рауан Бабаев - 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сонымен қатар, Елдос Қоспаев өзінің сенімді серіктестері арқылы жеті жылға сотталған кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың бизнесінің 75%-ын иеленіп, кейін анасына қысым көрсету арқылы қалған 25%-ын да тартып алған.

Іс бойынша тергеу 2024 жылдың көктемінде аяқталды.

 

Соңғы жаңалықтар