$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Үйіңізге министрліктен келдім деп айтуы мүмкін: алаяқтықтың жаңа түрі

Абдрахманов Мағжан
21 қараша 2025 12:38 222
Үйіңізге министрліктен келдім деп айтуы мүмкін: алаяқтықтың жаңа түрі Сурет авторы: depositphotos

Әлеуметтік желілерде өздерін Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері ретінде таныстырып, үйлерді аралап жүрген адамдар туралы хабарламалар мен видеолар тарап жатыр.

Министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарып, министрлік өкілдері ешқашан үй аралап, жеке деректер немесе өзге ақпарат жинамайтынын ресми түрде мәлімдеді.

«Өзін министрлік атынан келдік деп таныстырып, құжаттар немесе жеке мәліметтер сұраған, үйге кіруге тырысқан адамдардың біздің ведомствоға еш қатысы жоқ. Олар алаяқтар болуы мүмкін», — деп ескертті министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, мұндай әрекеттерге министрлік жауапты емес, сондықтан азаматтарға қырағылық танытып, осындай жағдай туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу ұсынылады.

Министрлік ақпараттың дұрыстығын тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырды.

Соңғы жаңалықтар