$ 487.17 € 565.65 ₽ 6.72

Министрліктің ресми мәлімдемесі: Тұрғын үй маңында көлік қоюға тыйым салына ма?

Редакция
16 маусым 2026, 10:04
Министрліктің ресми мәлімдемесі: Тұрғын үй маңында көлік қоюға тыйым салына ма? Сурет авторы: tengrinews.kz

Әлеуметтік желілерде «1 шілдеден бастап Қазақстанда тұрғын үйлердің маңына автокөлік қоюға мүлдем тыйым салынады» деген ақпарат желдей есіп, тұрғындар арасында дүрбелең тудырған болатын. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл мәліметті ресми түрде теріске шығарып, жағдайды нақтылады.

 Ведомствоның хабарлауынша, қалалар мен елді мекендерді абаттандырудың жаңа ережелері нормативтік базаны елдің Құрылыс кодексіне сәйкес келтіру мақсатында ғана қайта бекітілген және құжатта көлік тұрағына қатысты ешқандай жаңа шектеулер қарастырылмаған.

Тұрғындардың өз үйлерінің маңындағы белгіленген орындарға темір тұлпарларын қоюына және оны күнделікті пайдалануына толықтай рұқсат етілген.

Ережедегі өзгерістер тек нақтылау сипатына ие: енді іргелес жатқан ортақ аумақтарда автокөліктерді, тіркемелер мен арбаларды қоқыс сияқты үйіп тастауға (складтауға) және қараусыз ұзақ уақыт бойы сақтап қоюға тыйым салынады. Яғни, шектеу күнделікті мініп жүрген көліктерге емес, аула ішін тарылтып, жылдап тұрған қараусыз мүліктерге ғана қатысты. Сондай-ақ министрлік бұл ережелер жол қозғалысы мен парковка жұмысын реттемейтінін мәлімдеді.

Ал елордалық жүргізушілер үшін тағы бір маңызды ақпарат -12 шілдеден бастап Астана қаласында автокөлік тұрақтарының жаңа тарифтері күшіне енбек.

Соңғы жаңалықтар