$ 502.57 € 591.68 ₽ 6.42

Утиль алымынан қанша ақша жиналды

Редакция
25 желтоқсан 2025, 13:44
Утиль алымынан қанша ақша жиналды Сурет авторы: ашық дереккөзден

Qrnews журналисінің утиль алымына қатысты сауалына «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов толық әрі нақты жауап бере алмады.

Тілшіміз одан елімізде жиналған утиль алымы көлемі, көліктердің қай жерде қайта өңделетіні және бұл салада қанша кәсіпорын жұмыс істеп тұрғаны туралы сұраған. Алайда Қабдолданов бұл мәліметтерді бірден айта алмай, ресми ақпаратты жазбаша түрде ұсынуды өтінді.

Соған қарамастан, сұрақтар қойылғаннан кейін ол кейбір деректерді ауызша жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі таңда утилизация саласында жұмыс істеуге үш мекеме өтінім берген.

– Бүгінгі таңда бізге 3 мекеме өтінім берген. Қалған нақты ақпаратты жазбаша түрде жолдаймын. Утиль алымынан 11 айдың ішінде 324 миллиард теңге жиналды. Оның 149 миллиарды техника өндіруші компанияларға қайтарылды, – деді Нұржан Қабдолданов.

Алайда утилизациямен нақты қай кәсіпорындар айналысып отырғаны және қалған қаражаттың қалай игерілгені туралы мәлімет берілмеді.

Соңғы жаңалықтар