$ 469.52 € 553.75 ₽ 6.15

Ұсталды деген Мұрат Нұртілеу Президент жолдауы алдында Үкіметте бой көрсетті

Редакция
08 қыркүйек 2025, 16:05
Ұсталды деген Мұрат Нұртілеу Президент жолдауы алдында Үкіметте бой көрсетті Сурет авторы: Егемен Қазақстан

ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгін ведомство басшысы Үкімет үйінде бой көрсетіп, журналистердің сауалына жауап берді.

Бұған дейін «Орда» ақпараттық-сараптамалық порталының бас редакторы Гүлнәр Бажкенова Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің 4 қыркүйек күні ұсталғаны туралы ақпарат жариялаған болатын. Алайда Сыртқы істер министрлігі бұл мәліметті бірден жоққа шығарды.
Президент Жолдауы алдында Үкімет дәлізінде журналистерге сұхбат берген министр өзіне қатысты тараған қауесетке қатысты пікір білдірді. Мұрат Нұртілеу бұл ақпараттың ешқандай негізі жоқ екенін айтып, оны «абсурд» деп бағалады.

 «Бұл ақпарат – ашықтан-ашық өтірік әрі абсурд. Меніңше, мұндай жағдайлар кейбір адамдарда көктем мен күз айларында жиілеп тұратын сияқты», – деп әзілмен жауап берді министр.

Қазіргі уақытта Сыртқы істер министрі өз қызметін штаттық режимде жалғастыруда. Ресми органдар азаматтарды тек сенімді ақпарат көздеріне сүйенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырады.
Кілт сөздер: QRnews, Мұрат Нұртілеу, Сыртқы істер министрлігі, СІМ, Үкімет, Гүлнәр Бажкенова, фейк ақпарат, ресми мәлімдеме, Астана жаңалықтары, саясат.

Толығырақ төмендегі сілтемеге өтіп көре аласыз:

Соңғы жаңалықтар