$ 472.03 € 540.29 ₽ 6.11

Үш облыстың тұрғындарына сел мен көшкін қаупі туралы ескерту жасалды

Абдрахманов Мағжан
03 шілде 2026, 09:48
Үш облыстың тұрғындарына сел мен көшкін қаупі туралы ескерту жасалды Сурет авторы: Алматы ТЖД

«Қазселденқорғау» Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында сел мен жер көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті.

Мекеменің мәліметінше, 3–5 шілде аралығында ауа температурасының жоғары болуы және нөсер жаңбырдың жаууына байланысты тау беткейлерінен су қатты ағып, өзендердегі су деңгейі көтеріледі. Соның салдарынан сел мен жер көшкіні жүруі ықтимал.

Сондай-ақ ойпаң жерлерді су басу қаупі бар. Осыған байланысты өңір тұрғындары мен туристерге тауға бармауға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға кеңес берілді.

Ал Алматы қаласы аумағындағы өзендердегі жағдай тұрақты екені хабарланды. «Қазселденқорғау» мәліметінше, Қарғалы, Ақсай, Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендері тәулік бойы бақылауда тұр.

Соңғы жаңалықтар