Үш баланың әкесі алиментті 21 мың теңгеге дейін азайтуды сұраған
Сурет авторы: Abai.kz
Алматы тұрғыны кәмелетке толмаған үш баласына төленетін алимент көлемін азайтуға әрекет жасаған. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Іс материалдарына сәйкес, ер адам 2009, 2012 және 2015 жылы туған балаларына төленетін алимент мөлшерін қысқартуды сұрап сотқа жүгінген. Ол өзінің материалдық жағдайының нашарлағанын алға тартып, әр балаға төленетін төлем көлемін 5 айлық есептік көрсеткішке (21 625 теңге) дейін төмендетуді талап еткен. Талапкер жеке кәсіпкерде жұмыс істейтінін және ай сайынғы табысы 100 мың теңгені құрайтынын мәлімдеген болатын. Алайда сот барысында ер адамның бұл мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсына алмағаны анықталды. Сонымен қатар салық есептілігі мен іс материалдары оның көрсетілген жеке кәсіпкерде жұмыс істемейтінін және балаларын асырауға жеткілікті табысы бар екенін көрсетті.
Айта кетейік, 2016 жылы сот шешімімен азаматқа әр балаға 20 АЕК көлемінде, яғни 86 500 теңгеден алимент төлеу міндеттелген болатын. Кейін бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар алимент мөлшерін екі есеге қысқартып, әр балаға 10 АЕК немесе 43 250 теңге төлеу туралы шешім шығарған. Алайда балалардың анасы бұл шешіммен келіспей, кассациялық сотқа жүгінді.
Кассациялық сот істі қайта қарап, талапкердің қаржылық жағдайының нашарлағаны дәлелденбегенін атап өтті. Сондай-ақ ер адамның өзіне тиесілі автокөлікті әпкесінің атына рәсімдегенімен, оны іс жүзінде өзі пайдаланып жүргені анықталды. Сот мұны мүлікті жасыру және алимент бойынша міндеттемелерден жалтару әрекеті ретінде бағалады. Нәтижесінде кассациялық алқа төменгі сот сатыларының шешімдерінің күшін жойып, алимент мөлшерін азайту туралы талапты қанағаттандырудан бас тартты.
Еске салсақ, елімізде 2024–2025 жылдары алимент төлеуден жалтарудың 11,5 мың фактісі тіркелген. Құзырлы органдардың мәліметінше, осы кезеңде жасырылған табыстың жалпы көлемі 20 миллиард теңгеден асқан.
Соңғы жаңалықтар
-
Инфантино қатты сынға қарамастан ФИФА президенті лауазымында қалатын болды
26 минут бұрын
-
Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша Орталық Азияда көшбасшы атанды
1 сағат бұрын
-
Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға жеткізілмек
1 сағат бұрын
-
Ноланның «Одиссеясы»: Италияның шағын аралы жаһандық туристік орталыққа айналмақ
1 сағат бұрын
-
Қазақстандықтардың көбі өзін кедей санамау үшін айына 260–320 мың теңге керек деп есептейді
1 сағат бұрын
-
Қыркүйектен бастап жаңа ереже күшіне енеді: Бейнебақылау камераларына қойылатын талаптар қатаңдатылды
2 сағат бұрын
-
Wildberries қоймаларын Қазақстанға көшіру туралы ақпаратқа жауап берді
2 сағат бұрын
-
2027 жылы Астанада УЕФА президенті сайланады
3 сағат бұрын
-
Білім гранттарының иегерлері 7 тамызда белгілі болады
3 сағат бұрын
-
Тоқаев «Бәйтерек» холдингінің басшысына баспананың қолжетімділігін арттыруды тапсырды
19 сағат бұрын
-
Жастардан банк карталарын сатып алып, интернет-алаяқтарға өткізген күдікті ұсталды
20 сағат бұрын
-
Алматының Ақжар шағынауданында 36 шақырым жолға асфальт төселді
20 сағат бұрын
-
Рақымшылық аясында қанша адам босатылды?
21 сағат бұрын
-
АҚШ пен Иран Ормуз бұғазы бойынша келісімге келуге жақын
22 сағат бұрын
-
Белгілі режиссер Ардақ Әмірқұлов өмірден өтті
1 күн бұрын
-
Министрлік қазақстандық жүргізушілерге ескерту жасады
1 күн бұрын
-
«Семей орманы» өртті анықтау жүйесіне байланысты «Қазақтелекоммен» соттасып жатыр
1 күн бұрын
-
АҚШ Иранмен соғыста алыс қашықтыққа ұшатын зымыран қорының басым бөлігін жұмсап тастады
1 күн бұрын
-
FIFA-дағы дағдарыс: Инфантино қызметінен кетуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Ғарышта сирек кездесетін оқиға: SpaceX зымыраны Айға соғылады
1 күн бұрын
-
Қазақстан мен Ресей маркетплейстерді біріктіруі мүмкін – ресейлік шенеунік
1 күн бұрын
-
Болашақ студенттердің назарына: грант конкурсының нәтижесі қашан және қайда жарияланады
1 күн бұрын
-
Астанада «Пари Сен-Жермен» клубының ресми футбол академиясы ашылады
1 күн бұрын
-
Әншілерді «шайтанның азаншысы» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
1 күн бұрын
-
Трамп «Теңізшевройл» акционерлерінің табысына көз тікті
1 күн бұрын
-
ҚМДБ Жетісайдағы тойдағы даулы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады
1 күн бұрын
-
Алматыда 350 құрылыс компаниясының лицензиясы тоқтатылды
1 күн бұрын
-
310 адам тыйым салынған заттарды алып өтпек болған: алматылық полицейлер қауіпті заттарды тәркіледі
1 күн бұрын
-
Wildberries төңірегіндегі жағдай: Министр отандық маркетплейстерді таңдауға кеңес берді
1 күн бұрын
-
Қазақстан шетелдіктердің елге кіру тәртібін өзгертпек
1 күн бұрын
-
Bloomberg: Дрон қаупіне қарамастан КҚК мұнай тиеуді қайта бастады
1 күн бұрын
-
Шығыс Қазақстанда ер адам бұрынғы әйелінің құлағын кесіп тастады
1 күн бұрын
-
Қонаевтағы әскери бөлімде сарбаз төртінші қабаттан құлап кетті
2 күн бұрын
-
Елімізде аптап ыстықтан 26 адам көз жұмды
2 күн бұрын
-
Тікелей эфирде балағат сөз айтқан 20-дан астам стример жауапқа тартылды
2 күн бұрын
-
Жолбарыстар Қазақстанға қайта оралды: Жыртқыш аң табиғатқа жіберілді
2 күн бұрын
-
Елімізде әскери техника қозғалысы күшейеді: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Wildberries қоймаларына жасалған шабуылдардың салдарынан сатушылар 1,6 триллион теңгеден астам шығынға батуы мүмкін
2 күн бұрын
-
«Өрмекші-адамның» жаңа бөлімі рекорд орнатты: Әлемдік кассалық түсім 1 млрд долларға жақындады
3 күн бұрын
-
Мұнай бағасы күрт төмендеді
3 күн бұрын
-
Израиль Газадағы әскери операцияны тоқтатуға келісті – араағайындар
3 күн бұрын
-
Австралия балаларға әлеуметтік желіні бұғаттады, бірақ мектеп оқушыларының 80%-ы әлі отыр
3 күн бұрын
-
МӘМС қорынан 3,5 миллиард теңге жымқырылған
3 күн бұрын
-
ОПЕК елдері мұнай инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға алаңдаушылық білдірді
3 күн бұрын
-
Ғылыми жаңалық: Депрессия адамның эмоциясына ғана емес, көру қабілеті мен қозғалысына да әсер етеді
3 күн бұрын
-
АҚШ жасанды интеллектіні бір тетікпен өшірмек
3 күн бұрын
-
Мәскеудегі мейрамханада жарылыс болып, кемінде үш адам қаза тапты
3 күн бұрын
-
КҚК жұмысы толық тоқтай ма: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады
4 күн бұрын
-
Футбол сатылмайды: ФИФА даулы жобадан бас тартты
4 күн бұрын
-
Тоқаев пен Орталық Азия басшылары Ыстықкөлдегі F1H2O жарысын ашты
4 күн бұрын