$ 485.4 € 550.69 ₽ 6.41

Үш адамның өмірін қиған жол апатынан кейін Әл-Фараби даңғылында бөлгіш қоршаулар орнатылып жатыр

Абдрахманов Мағжан
26 маусым 2026, 10:19
Үш адамның өмірін қиған жол апатынан кейін Әл-Фараби даңғылында бөлгіш қоршаулар орнатылып жатыр Сурет авторы: Власть

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында көліктердің қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетуінің алдын алу үшін жолдың ортасына бөлгіш қоршау орнату жұмыстары басталды.

Бұл шешім биыл 21 наурызда аталған даңғылда болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан кейін қабылданды. Сол кезде Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Апат салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Осы іс бойынша сот Zeekr жүргізушісі Александр Пақты кінәлі деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ сот үкімімен ол өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар