$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

USAID Қазақстандағы «дезинформациямен күреске» 4,5 млн доллар жұмсаған

Редакция
06 ақпан 2025 08:14 1675
USAID Қазақстандағы «дезинформациямен күреске» 4,5 млн доллар жұмсаған Сурет авторы: depositphotos

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден әкімшілігі бюджет қаржысын тиімсіз жұмсады деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, Байден командасы Гватемаладағы жынысын ауыстыру операцияларына, Ирактағы жаңа «Сезам көшесі» шоуына миллиондаған доллар бөлген, сондай-ақ Қазақстандағы «дезинформациямен күреске» 4,5 миллион доллар қаражат жұмсаған.

Левитт атап өткендей, осы шығындар фонында Байден әкімшілігі Калифорния мен Солтүстік Каролина тұрғындарына ешқандай нақты көмек көрсетпеген. Ақ үй өкілі демократтардың бұл шешімін «ақымақтық» деп бағалап, Трамп әкімшілігінің қаржы саясатына басымдық беретінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар