$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Ұлытау облысының әкімі Сәтбаевтағы «қара қар» үшін Бектеновке есеп берді

Редакция
21 қаңтар 2025 04:15 2166
Ұлытау облысының әкімі Сәтбаевтағы «қара қар» үшін Бектеновке есеп берді Сурет авторы: Instagram/ mooz_katok_satpaev

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Сәтбаев қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектеновке есеп берді.

Әкімнің айтуынша, 10 қаңтардан бастап «Қазақмысқа» тиесілі жылу электр станциясындағы эмульгатормен жабдықталған төртінші қазандық іске қосылды. Жылыту маусымының қорытындысы бойынша қалған үш қазандыққа да эмульгаторлар орнатылады.

«Экологиялық жағдайды жақсарту үшін көмірді ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұған дейін күлділігі 40% “Жастар” кен орнынан алынған көмір қолданылса, қазір күлділігі 15-19% шамасындағы “Қаражыра” кен орнының көмірі пайдаланылып жатыр», – деді Рыспеков.

Дегенмен қосымша эмульгаторларды орнату ТЭЦ қуатын төмендетуі мүмкін. Бұл мәселені шешу үшін ТС-2 қуатын қайта бөлу және «Қазақмыс» қажеттіліктеріне модульді қазандықтар салу жоспарланған. Сонымен қатар газдандыру бағдарламасы аясында 2027 жылға қарай Сәтбаевқа газ тартылып, жылуға қажеттілік 30 %-ға төмендейді.

Сәтбаев қаласында ауа ластануы өзекті мәселе болып отыр. Мұндағы «қара қар» қала тұрғындарының өмірінің бір бөлігіне айналды. Жолдар, үйлер, көліктер мен ойын алаңдары – барлығы қараға боялған.

Соңғы жаңалықтар