$ 481.54 € 553.24 ₽ 5.93

Ұлытау облысында құмар ойын ойнаған 36 шенеунік жұмыстан қуылды

Абдрахманов Мағжан
30 наурыз 2026, 12:06
Ұлытау облысында құмар ойын ойнаған 36 шенеунік жұмыстан қуылды Сурет авторы: gov.kz

Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысқанын анықтады.

Ведомство мәліметінше, 36 мемлекеттік қызметкер, оның ішінде 10 басшы букмекерлік кеңселерде бәс тіккен. Бұл әрекет қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді.

Прокуратураның ұсынысын қарау нәтижесінде аталған қызметкерлер атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.

Қадағалау органында мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға заңмен тыйым салынғаны еске салынды. Бұл талап сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және мемлекеттік қызметке деген қоғамдық сенімді сақтау мақсатында енгізілген.

Соңғы жаңалықтар