$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Ұлының оқу ақысын төлеуді талап етіп, бизнеске зиян келтірген: Қызылорда облысында "Қорғастың" бұрынғы басшысы сотталды

Редакция
17 қыркүйек 2024 02:47 2346
Ұлының оқу ақысын төлеуді талап етіп, бизнеске зиян келтірген: Қызылорда облысында "Қорғастың" бұрынғы басшысы сотталды

Қызылорда қалалық соты облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Дінмұхамед Әбсаттаровты тоғыз айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі.

Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және бизнес өкілдерінің құқықтарын шектегені үшін кінәлі деп танылды. Шенеунік кәсіпкерлерден ұлының оқу ақысын төлеуді талап еткені (1,4 млн теңге) және өңір кәсіпорындарының сұйытылған газға қолжетімділігін шектегені (бизнес субъектілеріне келтірілген залал — 26,9 млн теңге) белгілі болды. Сонымен қатар ол бизнесмендерден оған 6,8 млн теңгеге дизель отынын беруді талап еткен.

Әбсаттаровқа тоғыз ай бас бостандығынан айыру жазасы берілді және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салынып, "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасынан айырды.



Соңғы жаңалықтар