$ 537.91 € 628.87 ₽ 6.6

Ұлттық құрама Бельгиядан ірі есеппен ұтылып, бас бапкер қызметінен кетті

Дулат Абдраманов
08 қыркүйек 2025 09:06 181
Ұлттық құрама Бельгиядан ірі есеппен ұтылып, бас бапкер қызметінен кетті Сурет авторы: ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиямен кездесіп, 0:6 есебімен жеңілді. Ойын Брюссельде өтті.

Алғашқы минуттардан-ақ алаң иелері басымдықты уысына алып, қақпаға бірінен соң бірін гол соқты. Қазақстан футболшылары қарсыластың жылдам шабуылдарына төтеп бере алмады. Екінші таймда да жағдай өзгермей, Бельгия құрамасы тағы бірнеше мәрте нәтижелі соққымен көзге түсті.

Матчтан кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді.

Ұлттық құраманың алдағы ойынын кім басқаратындығы әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар