$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Ұлттық қор: Экономиканы қолдау құралы

Редакция
07 ақпан 2025 09:17 1952
Ұлттық қор: Экономиканы қолдау құралы Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Ұлттық қордың ел экономикасының маңызды бір бөлшегі екенін атап өтті. Қордан қаржы алу кейбір қоғам қайраткерлері мен сарапшылардың сынына ұшырағанымен, бұл – қалыптасқан жағдайға байланысты қабылданған шешім екенін айтты.

"Қорды не үшін құрдық? Қор қаржысы мемлекеттік маңызы бар міндеттерден өзге мақсатқа жұмсалып жатса бір жөн. Сондықтан тағы да қайталап айтамын, банктер бизнеске көмектесіп, экономиканың дамуына қаржы салуға тиіс," – деді Президент.

Оның айтуынша, қаржы секторы нақты секторды несиелеуге белсенді атсалысуы керек. Банктер бизнестің дамуына қолдау көрсетіп, экономикалық өсімге үлес қосуға тиіс. Ұлттық қордың қаражаты да осы мақсатта тиімді пайдаланылуы қажет.

Соңғы жаңалықтар