$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

«Ұлттық қор балаларға»: төлем түскенін қалай тексеруге болады?

Редакция
31 қаңтар 2025 03:29 1856
«Ұлттық қор балаларға»: төлем түскенін қалай тексеруге болады? Сурет авторы: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

«Ұлттық қор балаларға» бағдарламасы бойынша 2025 жылғы түскен қаражат туралы ақпаратты 1 ақпаннан бастап eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында тексеруге болады. Қазіргі уақытта төлемдер туралы мәліметтер әлі жаңартылған жоқ.

Баланың бағдарламада бар-жоғын, сондай-ақ аударылған қаражаттың көлемін арнайы kids.enpf.kz сайтында ЖСН енгізу арқылы тексеруге болады. Бұл сайтта бағдарламаның шарттары, нұсқаулықтар және жиі қойылатын сұрақтардың жауабы да бар.

Шоттағы қаражат туралы ақпаратты eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен, сондай-ақ Halyk және Kaspi.kz мобильді қосымшаларынан да көруге болады. 2025 жылы әр балаға 129,38 доллар көлемінде қаражат аударылды.

Жинақталған қаржыны 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайдалануға болады. Қаражат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шоттарға аударылады, кейін оны баспана жағдайын жақсартуға немесе оқу ақысын төлеуге жұмсауға болады. Ол үшін «Отбасы банк» пен «Халық банк» қосымшалары арқылы өтініш беру қажет.

Соңғы жаңалықтар