$ 509.94 € 593.88 ₽ 6.43

«Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылғы төлемдер қашан түседі?

Редакция
08 қаңтар 2026, 09:39
«Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылғы төлемдер қашан түседі? Сурет авторы: aikyn.kz

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясындағы үшінші төлем 2026 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей аударылады. 2025 жылғы төлемді 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жасы 18-ге толмаған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын барлық балалар алады.

 «2008 жылы туған және 2026 жылы 18 жасқа толатын қазақстандықтардың нысаналы жинақтары да олардың нысаналы жинақтау шоттарына 2026 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей аударылады», – деп хабарлады БЖЗҚ (ЕНПФ).

Төлем сомасы әзірге нақты белгісіз.

«Бір балаға шаққандағы 2026 жылғы нысаналы талаптардың сомасы Қазақстан азаматы болып табылатын балалардың санына (2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) және Ұлттық банктен алынған Ұлттық қордан есептелген нысаналы талаптардың жалпы сомасы туралы ақпаратқа сүйене отырып есептеледі», – деп атап өтті қордағылар.

 Анықтама үшін:

  • 2024 жылы балаларға 100,52 доллар аударылды.
  • 2025 жылы бұл сома 129,38 долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар