$ 470.8 € 545.99 ₽ 6.6

Ұлттық қауіпсіздік қызметі бельгиялық мұнай магнатына іздеу жариялады

Абдрахманов Мағжан
22 мамыр 2026, 17:54
Ұлттық қауіпсіздік қызметі бельгиялық мұнай магнатына іздеу жариялады Сурет авторы: frankmonstrey.com

Қазақстанда бельгиялық кәсіпкер Фрэнк Джозеф Монстрейге іздеу жарияланды. Бұл туралы құқықтық статистика базасындағы мәліметтерге сілтеме жасап хабарланды.

Мәліметке сәйкес, іздеу ісі 20 мамыр күні Астанада тіркелген. Оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті бастамашылық етіп, тергеуді ведомствоның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатыр.

Фрэнк Монстрей – Бельгияның ықпалды инвесторларының бірі әрі мұнай-газ саласында жұмыс істеген кәсіпкер. Ол 2004 жылы «Жайықмұнай» компаниясын сатып алып, кейін оны Nostrum Oil & Gas деп қайта атаған. Компания Қазақстанның батысында кен орындарын игерумен айналысқан.

2011 жылы кәсіпкер активті Лондон қор биржасына шығарған, ал 2017 жылы өзіне тиесілі акцияларды толық сатқан.

Әртүрлі зерттеу материалдарында Монстрейдің аты Мұхтар Әблязов ісімен байланысты аталған. Алайда бизнесмен өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып келген.

Қазіргі уақытта оның нақты қандай іс бойынша іздестіріліп жатқаны ресми түрде жарияланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар