$ 471.45 € 547.21 ₽ 6.63

Ұлттық экономика вице-министрі қазақстандықтарға азық-түлікке аз ақша жұмсаудың жолын ұсынды

Редакция
21 мамыр 2026, 11:49
Ұлттық экономика вице-министрі қазақстандықтарға азық-түлікке аз ақша жұмсаудың жолын ұсынды Сурет авторы: Ulysmedia коллажы

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин қазақстандықтардың азық-түлікке не себепті еуропалықтардан көбірек шығындалатынын түсіндірді. 

Мамандардың есебінше, 2025 жылдың шілде-қыркүйек айларында Қазақстан тұрғындары шығындарының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсаған. Ал дамыған елдерде мұндай шығын көлемі 15 пайыздан аспайды. 

Әмрин бұл айырмашылық тұтыну мәдениетіне байланысты екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстанда халық азық-түлікті көбіне өздері сатып алып, үйде тамақ әзірлейді. Ал көптеген елде адамдар кафелер мен мейрамханаларда жиі тамақтанады, сондықтан мұндай шығындар қызмет көрсету санатына енгізіледі. 

Азамат Әмрин әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыру жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді. Ол қызанақ, қияр және қырыққабат бағасы 15 пайызға жуық төмендегенін айтты.  

Сондай-ақ вице-министр етті тиімді бағада алу үшін адамдарға бірігіп, ауыл шаруашылықтарынан тікелей сатып алуға кеңес берді. Оның айтуынша, осылайша ет дүкен бағасынан әлдеқайда арзанға түседі. 

Жарылқасын Шұғыла

Соңғы жаңалықтар