$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Ұлттық экономика министрі бюджет кірістерінің азаю себебін түсіндірді

Редакция
27 қараша 2024 03:25 1145
Ұлттық экономика министрі бюджет кірістерінің азаю себебін түсіндірді Сурет авторы: ашық дереккөзден

2024 жылы республикалық бюджеттің кірістері 14,1 триллион теңге көлемінде бағаланады. Бұл бекітілген жоспардан 2 триллион теңгеге төмен. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, кіріс азаюының негізгі себептері мыналар:

  • Мұнай өндіру көлемінің 5,1 млн тоннаға азаюы;
  • Қосылған құн салығын қайтару көлемінің артуы;
  • Сыртқы сауда айналымының төмендеуі.

2024 жылға арналған негізгі макроэкономикалық параметрлер бұрынғы деңгейде сақталады: мұнай бағасы – барреліне 80 АҚШ доллары, теңгенің есеп айырысу бағамы – 460 АҚШ доллары, инфляция – 6-8%.

Кірістердің төмендеуіне корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы және мұнайға экспорттық кедендік баж салығының төмендеуі әсер етті. Қосылған құн салығынан түсетін кірістердің үлесі 1,5 триллион теңгеге азайып, импорт көлемінің 8,3%-ға төмендеуі де бюджетке әсерін тигізіп отыр.

Соңғы жаңалықтар