$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Ұлттық банк валюта айырбастау курстарына шектеу қойды

Редакция
14 қаңтар 2025 06:30 3976
Ұлттық банк валюта айырбастау курстарына шектеу қойды

Қазақстан Ұлттық банкі валюта айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар үшін шетел валюталарының сатып алу және сату бағамдарының ауытқу шектерін белгіледі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Т. Сүлейменовтың бүгінгі қаулысында айтылған.

Қаулыға сәйкес:

  • АҚШ доллары үшін сатып алу мен сату бағамдарының айырмашылығы 7 теңгеден аспауы керек.

  • Еуро үшін бұл шектеу 10 теңге көлемінде бекітілді.

Ұлттық банк қаулының мемлекеттік тіркелуін, ресми интернет-ресурста жариялануын және заңды түрде іске асырылуын қамтамасыз ететінін хабарлады.

Қаулы ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

 

Соңғы жаңалықтар