$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Ұлттық банк «Kaspi-жұма» мен «0-0-24» тұжырымын зерттеп жатыр

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 1508
Ұлттық банк «Kaspi-жұма» мен «0-0-24» тұжырымын зерттеп жатыр Сурет авторы: irbistv.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұрғындарға "0-0-24" тұжырымының шарттары жайлы толыққанды ақпарат берілуі тиіс деп санайды. Осы мақсатта ведомство Ұлттық банкпен бірлесіп, Kaspi Bank-тің бөліп төлеу жарнамасындағы «0-0-24» тұжырымын зерделеп жатыр.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, мұндай жарнаманы мүлдем шектеу ақылға қонымсыз.

“Жарнама — сауданың қозғаушы күші. Ал сауда — экономиканың үлкен бөлігі. ЖІӨ-нің 17 пайызы — бұл сауда. Мүлдем шектеу ақылға қонымсыз болар еді. Меніңше, тыйым салуға болмайды. Бірақ, адамдар не істеп жатқанын, шарттары қандай екенін, ол үшін қандай төлем жасайтындығын білуі үшін ашықтық қажет», — деді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов елордада өткен брифингте.

Оның пікірінше, «Kaspi-жұма» жарнамасы қарқынды болғанымен, таңдау тұтынушының өз еркінде.

Соңғы жаңалықтар