$ 487.44 € 567.38 ₽ 6.62

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17 пайызға дейін төмендетті

Абдрахманов Мағжан
05 маусым 2026, 12:50
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17 пайызға дейін төмендетті Сурет авторы: Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 18 пайыздан 17 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Реттеуші мұны елдегі инфляциялық үдерістердің баяулауымен түсіндірді.

Ұлттық банктің мәліметінше, мамыр айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 10,4 пайызға дейін төмендеген. Айлық инфляция да баяулап, 0,7 пайызды құрады. Сонымен қатар халықтың инфляциялық күтулері сәуірдегі 14,6 пайыздан мамырда 12,7 пайызға дейін азайған.

Реттеуші 2026 жылға арналған инфляция болжамын да төмендетті. Енді көрсеткіш 9–11 пайыз аралығында болады деп күтілуде. Бұған дейінгі болжам 9,5–11,5 пайыз деңгейінде болған.

Бұл – 2025 жылдың қазан айынан бергі базалық мөлшерлеменің алғашқы өзгерісі. Сол кезде Ұлттық банк мөлшерлемені күрт көтеріп, 18 пайыз деңгейінде белгілеген еді. Келесі жоспарлы шешім 24 шілдеде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар