Ұлттық банк Астананың қай аудандарында пәтерлер тез қымбаттап жатқанын жариялады
Сурет авторы: CTS
Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің құрылысы елорданың жылжымайтын мүлік нарығына айтарлықтай ықпал ететін негізгі инфрақұрылымдық факторлардың біріне айналды. Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты туралы баяндамасында жаңа көлік магистралінің бекеттеріне жақын орналасқан тұрғын үйлердің бағасы жоғары қарқынмен өсіп жатқаны хабарланды.
Құжатта атап өтілгендей, ең жоғары баға өсімі LRT станцияларынан жаяу жүру қашықтығында орналасқан пәтерлерде байқалады. Бұл құбылыс тұрғындар үшін қоғамдық көлікке қолжетімділіктің артуымен түсіндіріледі.
Баға динамикасын талдау мақсатында сарапшылар 2025 және 2026 жылдары сатылымға шығарылған пәтерлер бойынша деректерді пайдаланды. LRT факторының әсерін нарықтағы жалпы инфляциялық процестерден бөліп алу үшін мамандар «айырмашылықтар айырмашылығы» (difference-in-differences) эконометрикалық әдісін қолданды.
Бұл тәсіл 2025–2026 жылдар аралығында LRT бекеттеріне жақын орналасқан баспаналардың баға өзгерісін станциялардан ұзақтау орналасқан бақылау тобындағы пәтерлермен салыстыруға мүмкіндік береді. Осылайша нарықтағы жалпы қымбаттау үрдісі ескеріліп, дәл LRT әсерінен пайда болған қосымша баға өсімі бөліп көрсетілді.
Зерттеу аясында LRT аймағындағы нысандар төрт белдеуге бөлінді:
-
300 метрге дейін;
-
300-ден 700 метрге дейін;
-
700-ден 1000 метрге дейін;
-
1000-нан 1500 метрге дейін.
Ал бақылау тобы ретінде LRT әсері төмен деп саналатын 1,5–2 шақырым қашықтықтағы тұрғын үйлер таңдап алынды.
Талдау нәтижесі көрсеткендей, оң динамика магистральдың барлық телімінде тіркелді. Дегенмен қосымша баға өсімінің ең жоғары көрсеткіштері мына учаскелерде байқалды:
-
«Әуежай» — «Мәңгілік ел» учаскесі: Бұл бағытта баға бақылау тобымен салыстырғанда 300–700 метрлік аймақта 8%-ға, ал 700–1000 метрлік аймақта 10,5%-ға артық өсті. Аналитиктер бұл аумақтағы жоғары өсімді қаланың шеткі аудандарының көлік қолжетімділігінің жақсаруымен байланыстырады. Сонымен қатар, сарапшылар бұл деректер 566 хабарландырудан тұратын шағын таңдама негізінде жасалғандықтан, қорытындыны сақтықпен қабылдау қажеттігін ескертеді.
-
«Жібек жолы» — «Нұрлы жол» учаскесі: Долларлық/теңгелік бағаның қосымша өсімі 300–700 метрлік аймақта 6,5%-ды, ал 1000–1500 метрлік аймақта 5,3%-ды құрады.
-
«Астана жұлдызы» — «Мыңжылдық аллеясы» учаскесі: Бақылау тобына қатысты өсім 300 метрге дейінгі қашықтықта 4,9%-ды, ал 1000–1500 метрлік белдеуде 4,6%-ды құрады.
2026 жылдың мамыр айында жылжымайтын мүлік нарығының тәуелсіз сарапшылары баспана бағасына қатысты өзге де болжамдарын ұсынған болатын. Олардың бағалауынша, LRT жүйесінің толық пайдалануға берілуі елордалық тұрғын үй нарығында спекулятивті сұраныс тудырып, пәтер бағасының 25%-ға дейін қымбаттауына алып келуі мүмкін.
Соңғы жаңалықтар
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
17 сағат бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
18 сағат бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
18 сағат бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
19 сағат бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
19 сағат бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
19 сағат бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
20 сағат бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
20 сағат бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
20 сағат бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
23 сағат бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
1 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
1 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
1 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
2 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
2 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
2 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
2 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
2 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
2 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
2 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
2 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
2 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
2 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
3 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
3 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
3 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
3 күн бұрын
-
Каспий жағалауынан тағы 15 итбалықтың өлексесі табылды
3 күн бұрын