$ 539.49 € 627.7 ₽ 6.75

ҰҚШҰ саммиті аяқталды: Мемлекет басшылары бірқатар құжатқа қол қойды

Редакция
28 қараша 2024 09:15 1592
ҰҚШҰ саммиті аяқталды: Мемлекет басшылары бірқатар құжатқа қол қойды Сурет авторы: Ақорда

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясын қабылдап, бірқатар құжатқа қол қойды.

Тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі ҰҚШҰ-ның мақсатты мемлекетаралық бағдарламасы бекітілді.

Сонымен қатар президенттер Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты мәлімдеме қабылдап, келесі жылы осы айтулы датаға орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шаралардың жоспарын бекітті.

Астанада қабылданған құжаттар Ұйым мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесін барлық мүше мемлекеттердің мүддесіне сай кешенді түрде дамытуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар