$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

ҰҚШҰ-да Тасмағамбетовтің орнына жаңа адам іздеп жатыр

Абдрахманов Мағжан
24 қараша 2025 14:29 499
ҰҚШҰ-да Тасмағамбетовтің орнына жаңа адам іздеп жатыр Сурет авторы: ашық дереккөзден

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың өкілеттік мерзімі аяқталып келеді. 27 желтоқсанда Бішкекте өтетін отырыста ұйымға мүше мемлекеттер оның орнына жаңа кандидатураны талқылайды.

Кездесу барысында есірткі трафигімен және заңсыз көші-қонмен күрес, аймақтық қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ Ресейдің 2026 жылы ұйымға төрағалық ету кезеңіне байланысты басым бағыттар қаралады. Жиын соңында қатысушылар қауіпсіздік мәселелері бойынша ортақ ұстанымдарды қамтитын бірлескен декларация қабылдамақ.

Саяси жолы
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, қорғаныс министрі және Астана мен Алматы қалаларының әкімі қызметін атқарған Иманғали Тасмағамбетов 2023 жылы ҰҚШҰ бас хатшысы болып тағайындалған. Оның бұл лауазымға келуі кезінде қоғамда түрлі пікір туындаған еді.

Қоғамдық пікір тудырған мәлімдемелер
Биыл көктемде Тасмағамбетов Ресейдің БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Украинадағы соғыс жөніндегі пікірінен кейін сынға ұшырады. Кейін ол өз сөздерінің бұрмаланғанын айтып, «ешқандай елдің мүддесін жақтап жүрген жоқпын» деп түсініктеме берген.

Ұйым мүшелері жаңа бас хатшыны жыл соңына дейін келісіп, бірлескен шешіммен бекітеді деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар