$ 469.93 € 541.64 ₽ 5.71

Украина Қазақстан мұнайын таситын танкерлерге шабуылдауды тоқтатпақ

Абдрахманов Мағжан
08 тамыз 2026, 13:16
Украина Қазақстан мұнайын таситын танкерлерге шабуылдауды тоқтатпақ Сурет авторы: CPC

Украина Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымы мен Қазақстан мұнайын таситын танкерлерге соққы жасамауға міндеттеме алды. Бұл туралы Bloomberg Киев пен АҚШ әкімшілігі өкілдерінің келіссөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Агенттік мәліметінше, Украина кеме иелеріне арналған арнайы байланыс нүктелерін құрған. Сол арқылы компаниялар кемелер туралы қажетті деректі алдын ала беріп, Қара теңізде қауіпсіз өту мүмкіндігін ала алады.

Алайда бұл мүмкіндік барлық танкерге бірдей берілмейді. Кеме Украина санкциясына ілікпеуі, Ресей азаматтарына немесе компанияларына тиесілі болмауы және Ресей мұнайын тасымалдамауы керек.

КҚК төңірегіндегі жағдай шілдеде күрделенген еді. Қара теңіздегі теңіз терминалы маңында Қазақстан мұнайын тасуға тиіс бірнеше танкер дрон шабуылына ұшырады. Кейін Қазақстанның Энергетика министрлігі экспорттағы іркілістерге байланысты мұнай өндіру көлемін азайтуға тура келгенін хабарлады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл шабуылдарды елдің экономикалық мүддесіне нұқсан келтіретін әрекет деп бағалаған.

Соңғы жаңалықтар