$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Үкімет зират орындарын сататындарды жазаламақшы

Редакция
16 сәуір 2025 04:09 4460
Үкімет зират орындарын сататындарды жазаламақшы Сурет авторы: ашық дереккөзден

Үкімет зираттардағы орындарды заңсыз сатқандарға әкімшілік жауапкершілік енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов сенатор Андрей Лукиннің сауалына берген ресми жауабында айтты.

«Үкімет бейітке арналған жер телімін заңсыз беріп сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу мәселесін пысықтайды. Оның ішінде заңнамалық актілерге түзету енгізу мүмкіндіктері де қарастырылады», – делінген үкімет басшысының жауабында.

Премьер-министрдің аппаратының мәліметінше, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, әрбір қайтыс болған адам үшін өзі тұрған немесе тұрғылықты жері болмаған жағдайда – сол елдімекендегі зираттан кемінде 6 шаршы метр тегін жер телімі берілуі тиіс.

Алайда жерлеу қызметтері мемлекет тарапынан реттелетін баға салаларына жатпайды. Осы себепті зираттарды басқарушылар зират аумағында көрсетілетін қызметтердің (жерлеу, қоршау орнату, орын бөлу және т.б.) құнын өздері белгілейді.

«Осы нарықтағы қызмет түрлеріне қатысты мемлекеттік реттеу мен лицензиялау тетіктері болмағандықтан, қызмет көрсетушілер бағаны өз бетінше анықтап отыр», – деп атап өтті Бектеновтің кеңсесі.

Соңғы жаңалықтар