$ 456.88 € 534.64 ₽ 5.47

Үкімет Ұлттық қордан алатын ақшаны азайтып, қарыз алуды көбейтті

Абдрахманов Мағжан
21 тамыз 2026, 09:37
Үкімет Ұлттық қордан алатын ақшаны азайтып, қарыз алуды көбейтті Сурет авторы: The Steppe

Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы жартысында мемлекеттік қарызды өтеуге жұмсалған қаражат 2,1 трлн теңгеге жетті. Бұл былтырғы сәйкес кезеңнен 26,3% көп. Ал мемлекеттік қарыз көлемі 14,7% өсіп, 40,9 трлн теңгеге жеткен.

Осылайша, мемлекеттік қарызды өтеуге жұмсалған қаражат бюджет шығынының шамамен 11%-ын құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 9,6% болған.

Қарызға қызмет көрсету шығынының артуына негізгі борышты өтеумен қатар, пайыздық төлемдердің жоғары болуы да әсер еткен.

Осы кезеңде бюджетті қаржыландыру құрылымы да өзгерді. Ұлттық қордан бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт бір жылда 3,1 трлн теңгеден 1,9 трлн теңгеге дейін азайған. Айырмасы – 1,2 трлн теңге.

Ұлттық қордан алынатын қаражат азайған тұста Үкімет жаңа қарыз көлемін арттырды. 2026 жылдың алғашқы алты айында алынған қарыз 3,7 трлн теңгеге жетті. Былтыр осы кезеңде 3,4 трлн теңге болған.

Яғни Ұлттық қордан бюджетке аударылатын қаржы 1,2 трлн теңгеге қысқарса, жаңа қарыз көлемі шамамен 300 млрд теңгеге өскен.

Соңғы жаңалықтар