$ 541.82 € 627.1 ₽ 6.78

“Үкімет өзі жауап беруге тиіс!”,- Тоқаев жұмыс істемей тұрған ережелер туралы айтты

Редакция
28 қаңтар 2025 05:11 4771
“Үкімет өзі жауап беруге тиіс!”,- Тоқаев жұмыс істемей тұрған ережелер туралы айтты Сурет авторы: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында жаңа өндіріс орындарын ашу, инфрақұрылымды дамыту және цифрландыру үшін инвестор тартудың маңыздылығын айтты. Сонымен қатар, Үкіметтің бюджетті басты басымдықтарға сай бөлуді ескертіп, жаңа Бюджет және Салық кодекстерін қабылдаудың қажет екенін қадап өтті.

Президент екі жыл бұрын енгізілген бюджет ережелерінің толыққанды жұмыс істемей тұрғанын сынап, бұл мәселе бойынша Үкіметтің жауап беруі керектігін атап өтті. 

Айта кетейік, Үкімет бұған дейін Ұлттық қордан қаржы алмай-ақ бюджетті толықтыруға мүмкіндік беретін шаралар ұсынған болатын.



Соңғы жаңалықтар