$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Үкімет мүгедектігі бар азаматтарға күтім жасаушылардың еңбекақысын теңестіруді кейінге қалдырды

Дулат Абдраманов
29 қазан 2025 11:19 56
Үкімет мүгедектігі бар азаматтарға күтім жасаушылардың еңбекақысын теңестіруді кейінге қалдырды Сурет авторы: nnov.er.ru

Қазақстан үкіметі мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін жеке көмекшілер мен күтім жасаушылардың еңбекақысын теңестіру туралы ұсынысты әзірге қолдамады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа әлеуметтік шығындарға мораторий қойылғандықтан, бұл мәселені жүзеге асыру әзірге мүмкін емес.

Бүгінде жеке көмекшілердің орташа айлық табысы 128,7 мың теңге, ал күтім жасаушылар 74,4 мың теңге шамасында. Министр олардың міндеттері де әртүрлі екенін атап өтті: жеке көмекшілер мүгедектігі бар азаматтарды үйден тыс жерлерде алып жүрумен айналысса, күтім жасаушылар күнделікті тұрмыстық және медициналық көмекті қамтамасыз етеді.

Серік Жұманғариннің сөзінше, төлем мөлшерін арттыру мәселесі бюджет кірістері жақсарған соң қаралатын болады.

Соңғы жаңалықтар