$ 519.51 € 611.83 ₽ 6.6

Үкімет кейбір коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруді кейінге шегерді

Абдрахманов Мағжан
08 шілде 2025 10:52 9
Үкімет кейбір коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруді кейінге шегерді Сурет авторы: informburo.kz

Қазақстан Үкіметі кейбір коммуналдық қызметтердің тарифін көтеруді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Үкіметтің ресми хабарламасында айтылды.

Мәлімдемеде атап өтілгендей, ақылы қызметтер бірінші жартыжылдықтағы инфляцияның негізгі қозғаушы күші болған. Биылғы алты айда инфляция 16,1% деңгейінде тіркелген.

«Осыған байланысты коммуналдық қызмет тарифтерінің өсу қарқынын қайта қарау және олардың бір бөлігін кейінге шегеру туралы шешім қабылданды. Бұл халықтың қаржылық жүктемесін азайтуға және инфляцияны тұрақтандыруға мүмкіндік береді», – делінген Үкімет хабарламасында.

Мәлімет бойынша, мамыр айында жылдық инфляция 11,3% болған. Ал бір ай ішінде ақылы қызметтердің бағасы 1,3%-ға өскен.

Соңғы жаңалықтар