$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

UFC жауынгері Дастин Порье мансабын аяқтады

Редакция
21 шілде 2025 11:49 427
UFC жауынгері Дастин Порье мансабын аяқтады Сурет авторы: Bleacher report

2025 жылдың 20 шілдесінде өткен UFC 318 турнирі аралас жекпе-жекте октагонға көтерілген Дастин Порье өзінің кәсіби мансабындағы соңғы күресін өткізді. Ол Макс Холлоуэймен кездесіп, бес раундтық айқаста төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.

“Спорт мені зейнетке жібергенін қаламаймын. Мен өзім кеттім. Уақыт келді”, – деді Порье жекпе-жектен кейінгі баспасөз конференциясында.

Дастин Порье – Луизиана штатының тумасы, UFC-дегі мансабын 2011 жылы бастаған. Жалпы есеппен 37 жекпе-жек өткізіп, оның 30-да жеңіске жеткен. Ол 2019 жылы уақытша жеңіл салмақта UFC чемпионы атағын иеленіп, Конор МакГрегормен болған әйгілі айқастардың арқасында әлемдік деңгейде танымал болды.

Порье «Жыл жекпе-жегі», «Кештің үздік жекпе-жегі», «Нокаут кеші» сынды марапаттарды бірнеше рет еншіледі.

Спортшы жекпе-жек әлемінде “The Diamond” (Гауһар) лақап атымен танымал.
Ол тек спортшы ғана емес, қайырымдылықпен айналысатын жан. 2018 жылы «The Good Fight Foundation» қорын құрды. Бұл ұйым арқылы ол мұқтаж жандарға, ауру балаларға көмек көрсетіп, бокс қолғаптарын аукцион арқылы сатып, түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсады.

Автор: Әмір Жәнібек

Соңғы жаңалықтар