$ 460.13 € 532.6 ₽ 5.42

УЕФА қазақстандық 13 клубқа 596мың евро қаржы бөлді

Редакция
18 тамыз 2026, 16:42
УЕФА қазақстандық 13 клубқа 596мың евро қаржы бөлді Сурет авторы: ФК Челси

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) қазақстандық клубтарға үлкен қаржылық қолдау көрсетті. Еурокубок маусымының қорытындысы бойынша еліміздің 13 футбол клубына солидарлық төлемдер ретінде миллиондаған қаражат бөлінді.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, жалпы сома 7,754 миллион еуроны (шамамен 4,15 миллиард тенге) құрады. Тізімге енген әрбір клуб теңдей бөлініспен 596 461 еуродан (немесе шамамен 319 миллион теңге) сыйақы алды. Бұл қаражат балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға және клубтардың ойыншыларды даярлау жүйесін жақсартуға бағытталмақ.

Қаржылай көмекті «Астана», «Тобол», «Елимай», «Актобе», «Женис», «Ордабасы», «Окжетпес», «Кызылжар», «Улытау», «Кайсар», «Жетысу», «Атырау» және «Туран» клубтары еншіледі.

Ал Чемпиондар лигасында өнер көрсеткен «Қайрат» бұл тізімге енген жоқ. Себебі алматылық ұжым солидарлық төлемнің орнына халықаралық турнирдегі тікелей қатысуы үшін едәуір үлкен жүлделі қаражат алды. Британдық сарапшылардың есебі бойынша, бұл сома шамамен 21,25 миллион еуроны (11,36 миллиард тенге) құрайды.

Соңғы жаңалықтар