$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

ҰБТ-2024: Қандас талапкерлер қандай жеңілдікке ие?

Редакция
17 шілде 2024 04:10 1806
ҰБТ-2024: Қандас талапкерлер қандай жеңілдікке ие? Сурет авторы: Informburo.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және «Отандастар қоры» КеАҚ бірлесіп, қандастар үшін еліміздің ЖОО-сына тапсыру талаптарын жеңілдетті.

Біріншіден, қандастар үшін ҰБТ тапсырған кезде шектік ұпай болмайды. 

Екіншіден, бес пәннің орнына үш пәннен емтихан тапсырады. Олар: оқу сауаттылығы, таңдаған бағыт бойынша екі бейіндік пән.

Үшіншіден, төрт жоғарғы оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдау мүмкіндігі сақталып қалды.

Төртіншіден, қазақ тілін толық меңгермеген қандастар орыс тілінде тапсыра алады. 

Конкурс нәтижесі 10 тамызға дейін жарияланады.

Соңғы жаңалықтар