$ 450.79 € 524.13 ₽ 5.31

Уайымсыз үй аламын деп, сан соғып қалмаңыз: Қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасалды

Редакция
11 қыркүйек 2026, 12:16
Уайымсыз үй аламын деп, сан соғып қалмаңыз: Қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасалды Сурет авторы: SASCHA STEINBACH / EPA

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ (ҚЖК) отандық құрылыс нарығының қатысушылары мен ел азаматтарына мессенджерлерде белсенді басталған жаңа киберқауіпсіздік қатері туралы шұғыл ескерту жасады. Соңғы уақытта WhatsApp желісінде өзін ұлттық компанияның қызметкері ретінде таныстырып, тұрғындарды алдап соғуға тырысатын қаскөйлер жиілеп кеткен.

Алаяқтар азаматтармен байланысқа шығып, әртүрлі сауалнамалар мен өтінім нысандарын толтыруды ұсынады. Сондай-ақ олар жеке деректерді нақтылау мақсатында күмәнді веб-ресурстарға өтетін сілтемелерді жібереді.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай сілтемелерге өту және онда жеке мәліметтерді енгізу пайдаланушылардың мессенджерлері мен жеке аккаунттарының толық бұзылуына ( компрометациялануына) әкеп соғады. Сондай-ақ алаяқтар азаматтардың құпия ақпараттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларына қол жеткізуді көздейді.

Осыған байланысты компания өкілдері азаматтарды барынша сақ болуға, бейтаныс нөмірлерден келген хабарламаларға сенбеуге және ешбір жағдайда SMS арқылы келген растау кодтарын третьим лицам (үшінші тұлғаларға) бермеуге шақырады.

Егер сізге компания қызметкері атынан күмәнді хабарлама келіп түссе, оның жеке басын тек ресми байланыс арналары арқылы тексерген жөн. Барлық сұрақтар мен өтініштерді ұйымның ресми сайтында көрсетілген сенімді байланыс құралдары арқылы ғана бағыттау ұсынылады.

 

Соңғы жаңалықтар