$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Уақыт белдеуін өзгерту туралы талап арыз қабылданбады

Редакция
18 желтоқсан 2024 03:08 3338
Уақыт белдеуін өзгерту туралы талап арыз қабылданбады Сурет авторы: nk-tv.com

18 желтоқсан күні Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны әрі заңгері Серікжан Ахметжановтың Қазақстан үкіметіне қарсы уақыт белдеуін өзгерту туралы қаулыны жоюды талап еткен арызын қанағаттандырудан бас тартты.

«Серікжан Маратович Ахметжановтың талап арызын қанағаттандырудан бас тартылсын», – деп мәлімдеді судья Асанова.

Ол сот шешіміне бір ай ішінде шағынуға болатынын атап өтті.

Ахметжанов сот отырысына онлайн қосылды. Ол сот шешімін түсіндіруді сұрады, алайда судья отырыстың жабылғанын жариялап үлгерді.

Власть басылымына телефон арқылы берген түсініктемесінде Серікжан Ахметжанов сот шешімін күтілген нәтиже деп атады. 

«Шағым береміз, бұл сөзсіз. Конституциялық сотқа дейін, тіпті халықаралық ұйымдарға дейін жүгінеміз. Мұндай мүмкіндік бізде бар. Осы шешім арқылы нүкте қоймаймыз», – деп атап өтті Ахметжанов.

Соңғы жаңалықтар