$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Тұрсын Алагөзов қызметкерлерінің ата-анасына зейнетақы тағайындады(ВИДЕО)

Дулат Абдраманов
20 желтоқсан 2025, 22:04
Тұрсын Алагөзов қызметкерлерінің ата-анасына зейнетақы тағайындады(ВИДЕО)

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов қызметкерлерінің ата-аналарына зейнетақы тағайындайтынын мәлімдеді

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов өз компаниясында жұмыс істейтін қызметкерлердің 65 жастан асқан ата-аналарына ай сайын зейнетақы төленетінін айтты. Бұл туралы ол жыл қорытындысына арналған жиында мәлімдеді.

Алагөзовтің айтуынша, әлеуметтік қолдау ретінде берілетін бұл төлемнің мөлшері ай сайын 50 мың теңгені құрайды. Қаражат компания есебінен төленеді және мемлекеттік зейнетақыға қатысы жоқ.

Кәсіпкер бұл бастаманы ата-ананың еңбегін құрметтеу әрі қызметкерлерге жан-жақты қолдау көрсету мақсатында қолға алынғанын атап өтті. Жаңа шешім ұжым тарапынан оң қабылданған.



Соңғы жаңалықтар