$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Түрмеге арақ пен телефон өткізуге тырысқан ер адам ұсталды

Редакция
02 сәуір 2025 01:56 4648
Түрмеге арақ пен телефон өткізуге тырысқан ер адам ұсталды Сурет авторы: aa.com.tr

Семей қаласындағы №19 түзету мекемесіне тыйым салынған заттарды кіргізбек болған азамат қолға түсті. Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінің сарбаздары жедел қимылдап, бес смартфон, бес SIM-карта, Wi-Fi роутер мен бес литр алкогольді ішімдіктің түрмеге өтуіне тосқауыл болды.

Тыйым салынған заттар құрылысқа арналған 30 литрлік эмульсия шелегінің ішіне мұқият жасырылған. Шелек бірнеше қабат скотчпен оралып, сырт көзге күдік тудырмайтындай етіп дайындалған. Алайда жедел мақсаттағы батальон бөлімшесінің командирі сержант Берік Акибаев ерекше мұқияттық танытып, күмән тудырған шелекті тексеріп көреді.

"30 литрлік эмульсияның сырты тым қатты оралғаны бірден күдік тудырды. Тексеру барысында шелек ішінде тағы бір ыдыстың жасырылғаны анықталды. Сол ыдыстың ішінен тыйым салынған заттар табылды", – деді сержант.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, тәркіленген заттар түзету мекемесінің күзет қызметіне тапсырылды. Оқиға бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Соңғы жаңалықтар