$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Турлов қарағандылық «Шахтер» футбол клубын сатып алды

Абдрахманов Мағжан
25 қараша 2025 14:16 362
Турлов қарағандылық «Шахтер» футбол клубын сатып алды Сурет авторы: Қарағанды қаласының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі хабарлағандай, бүгін, 25 қараша күні өткен аукцион нәтижесінде Freedom Holding Corp. тобына кіретін компания қарағандылық «Шахтер» футбол клубының жаңа иесі атанды.

Холдингтің негізін қалаушы Тимур Турлов пен облыс әкімдігі аймақтық футбол экожүйесін дамытудың жаңа моделін қалыптастыруды бастап кетті. Жалпы жобаға 18,5 миллиард теңге бағытталады, оның ішінде:

  • 12 миллиард теңге – футбол академиясын салуға;

  • 6,5 миллиард теңге – облыстағы балалар мен бұқаралық футболды дамытуға жұмсалмақ.

Әкімдік мәліметінше, жаңа футбол академиясы 10 гектар аумақта бой көтереді және ол өңірлік әрі кәсіби футболдың дамуына арналған орталыққа айналмақ. Академия құрамына:

  • жыл бойы жаттығуға арналған жабық манеж;

  • толық өлшемді жаттығу алаңы;

  • екі қабатты әкімшілік-тұрмыстық кешен;

  • медициналық орталық, бассейн, сауна, асхана және тәрбиеленушілерге арналған жатақхана енеді.

Барлық нысан жылы өткелдермен байланыстырылып, аумағында уоркаут аймағы, жаттығу құралдары, саябақ және автотұрақ орналастырылады.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының негізгі кезеңін 2027 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар