$ 537.34 € 623.05 ₽ 6.65

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Венгрияның «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды

Редакция
21 тамыз 2025 09:33 44
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Венгрияның «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды

Будапешт, 2025 жылғы 19 тамыз – ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Венгрияның ең жоғары мемлекеттік ордендерінің бірі – «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Марапаттау Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның ұсынысы бойынша және Венгрия президенті Тамаш Шюйюктің жарлығымен Венгрияның ұлттық тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада берілді.

Аталған марапатты Бас хатшы, жазушы және драматург Сұлтан Раевқа 2025 жылғы 19 тамызда Пести Вигадодағы ресми рәсімде Венгрияның Мәдениет және инновация министрі Балаж Ханко табыс етті.

Бұл жоғары мемлекеттік награда Бас хатшы, жазушы және драматург Сұлтан Раевқа венгр халқымен мәдени ынтымақтастықты қолдауға және достық венгр-түрік қарым-қатынастарын дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілді.

Осындай жоғары құрметке алғысын білдірген Бас хатшы Сұлтан Раев Венгрия мен түркі әлемі арасындағы мәдени және достық байланысты оданәрі нығайту жолында жұмыс істейтінін баса айтты. Түркі әлемінің ортақ құндылықтарын халықаралық аренада насихаттау жұмыстарын жалғастыратынын атап көрсетті.

М.Балқыбекұлы,

Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі

Соңғы жаңалықтар