$ 526.5 € 611.64 ₽ 6.72

Түркиядағы саяси ахуал шиеленісе түсті: Стамбул мэрі Имамоғлу 1 жыл 8 айға сотталды

Дулат Абдраманов
16 шілде 2025 20:37 203
Түркиядағы саяси ахуал шиеленісе түсті: Стамбул мэрі Имамоғлу 1 жыл 8 айға сотталды Сурет авторы: Mehmet Masum Suer

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның басты саяси қарсыласы, Стамбул қаласының мэрі Экрем Имамоғлу 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сот оны мемлекеттік қызметкерді көпшілік алдында қорлап, қоқан-лоқы көрсеткені үшін кінәлі деп таныды. Бұған себеп — саясаткердің Стамбұлдың бас прокуроры Акин Гюрлекке қарата айтқан сыни пікірі болды. Имамоғлу прокурордың әділеттілігіне күмән келтірген еді.

Сонымен қатар, өзіне тағылған “терроризмге қарсы күресіп жүргендерді қудалады” деген айыптан ақталып шықты.

Имамоғлу бұл әрекеттердің барлығын саяси қысым деп бағалап отыр. Себебі бұл оқиға Түркияның оппозициялық Республикалық халық партиясында өтетін ішкі сайлаудың қарсаңында болды. Аталған саяси додада Имамоғлу президенттікке үміткерлердің бірі ретінде қарастырылған болатын.

Саяси сахнада серпіліс жасауға ниет білдірген Имамоғлуға қарсы бұл үкім Түркиядағы демократиялық ахуалға қатысты алаңдаушылықты күшейтуде.

Соңғы жаңалықтар