$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Түркиядағы наразылық: зардап шеккен қазақстандықтар бар ма?

Редакция
26 наурыз 2025 05:24 4378
Түркиядағы наразылық: зардап шеккен қазақстандықтар бар ма? Сурет авторы: Reuters

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Түркиядағы наразылық акцияларынан зардап шеккен қазақстандықтар жоқ деп мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктері жергілікті қазақстандықтармен тұрақты байланыста жұмыс істеп жатыр. Ел азаматтарына адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болып, митингтерге қатыспауға кеңес берілді.

19 наурызда Стамбұл мэрі Экрем Имамоғлы жемқорлық күдігімен ұсталып, қызметінен шеттетілгеннен кейін, Түркияда жаппай наразылық басталды. Бес күнге жалғасқан шерулер барысында мыңнан астам адам ұсталып, жүзден аса полиция қызметкері жарақат алған.

Ақан Рахметуллин Түркияда жүрген Қазақстан азаматтарынан әзірге консулдық көмек сұрағандар болмағанын айтты. Министрлік өкілі Түркияға сапарды кейінге қалдыруды ұсынып, Стамбұл және өзге де ірі қалаларда сақтық шараларын күшейту қажеттігін ескертті.

Соңғы жаңалықтар