$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Түркияда “Астана LRT” компаниясының бұрынғы басшысы ұсталды

Редакция
13 мамыр 2025 01:47 4233
Түркияда “Астана LRT” компаниясының бұрынғы басшысы ұсталды

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Талғат Арданның нақты тұрған жері 2025 жылы анықталып, Анталья қаласында Түркия құқық қорғау органдарының көмегімен ұсталды. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау бойынша рәсімдер басталды.

Еске салайық, Қазақстан Бас прокуратурасы 2019 жылдың қыркүйегінде Түркияға Талғат Арданды экстрадициялау туралы ресми сұрау жолдаған болатын.

Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп танылып, сырттай 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Кейін қылмыстар жиынтығы бойынша жазасы 9 жылға ұзартылған.

Талғат Ардан «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы қызметінде жүріп, LRT құрылыс жобасының жүзеге асуын бұзған. Соның салдарынан Қытайдың Мемлекеттік даму банкінен алынған 257,6 миллион АҚШ доллары (сол кездегі бағаммен 85,9 миллиард теңге) қайтарылмаған.

Соңғы жаңалықтар