$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Түркия азаматтарына Қазақстанда 90 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат берілуі мүмкін

Абдрахманов Мағжан
24 шілде 2025 11:47 547
Түркия азаматтарына Қазақстанда 90 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстанда шетел азаматтарының кіру және болу тәртібіне қатысты жаңа өзгерістер енгізілуі мүмкін. Тиісті Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, көпшілік талқылауына шығарылды.

Жобада Түркия азаматтарына Қазақстан аумағында визасыз болу мерзімін 30 күннен 90 күнге дейін ұзарту қарастырылған. Бұл 180 күндік аралықта 90 күнге дейін елде еркін жүруге мүмкіндік береді.

"Қаулы жобасының мақсаты – Қазақстан мен Түркия арасындағы тығыз ынтымақтастықты дамыту, елімізде қолайлы инвестициялық және туристік климат қалыптастыру, сондай-ақ экономикалық дипломатияны жандандыру", – делінген құжатта.

Құжат бойынша қоғамдық талқылау 2025 жылғы 28 шілдеге дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар