$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заң Тоқаевқа қол қоюға жіберілді

Редакция
13 ақпан 2025, 03:57
Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заң Тоқаевқа қол қоюға жіберілді Сурет авторы: facebook.com/rashid.ayupov

Сенат Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын екі оқылымда мақұлдап, оны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қол қоюға жіберді.

Жаңа заңның басты мақсаты – Түркістанның тарихи-мәдени мұрасын тиімді басқару жүйесін құру. Бұл заң аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның қорғау аймағындағы археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу, тарихи-мәдени ескерткіштердің тұтастығын сақтау көзделген.

Сондай-ақ, қаланың сәулет және құрылыс саясатына ерекше назар аударылады. Сенатор Бауыржан Қаниевтің айтуынша, кесене маңындағы 100 метрлік қорғау аймағында биіктігі 7 метрден асатын нысандарды салуға тыйым салынады, сондай-ақ тарихи кешеннің бейнесіне сәйкес келмейтін құрылыс материалдары мен түстерін пайдалануға шектеу қойылады.

Заң Түркістанның ұлттық қолөнерін дамытуға, тарихи-мәдени мұрасын жандандыруға, сондай-ақ қаланы Қазақстанның рухани және туристік орталығы ретінде дамытуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар