$ 487.17 € 565.65 ₽ 6.72

Түркістандағы жанжалдан кейін бапкерлер қызметінен уақытша шеттетілді

Редакция
16 маусым 2026, 21:47
Түркістандағы жанжалдан кейін бапкерлер қызметінен уақытша шеттетілді Сурет авторы: Qrnews instagram

Желі қолданушылары арасында Түркістан қаласында жалауы желбіреген байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионаты (U18, U23 және параканоэ) аяқталғаннан кейін орын алған келеңсіз жағдайдың бейнежазбасы қызу талқылануда. Аталған видеоның таралуы мен бұқаралық ақпарат құралдарынан түскен сауалдарға байланысты Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ресми түсініктеме берді.

Ведомствоның мәлімдеуінше, туындаған жанжалға қатысушы қос тарап та өз міндеттерін атқарудан уақытша босатылды. Атап айтқанда, байдарка мен каноэде есу спорт түрінен мемлекеттік жаттықтырушы Дәулет Сұлтанбеков пен жаттықтырушы Тимур Алиханов тергеу шаралары толық аяқталғанға дейінгі кезеңде жұмыстан шеттетілген.

Оқиғаға аталған азаматтар арасындағы өзара түсініспеушілік себеп болған.

Қазіргі уақытта құзыретті органдар тарапынан сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты сараланып, қатысушылардың әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде тиісті құқықтық баға беріледі.

Соңғы жаңалықтар