Түркістанда жаңа өндіріс орындарының құрылысы қатаң бақылауға алынды
Сурет авторы: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысында өңір экономикасын дамыту, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмыстар жандана түспек. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжілісте инвестициялық жобалардың орындалу барысы мен «TURAN» арнайы экономикалық аймағының (АЭА) даму жоспары сараланды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, облыста әрбір жобаның уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуына басымдық беріліп отыр. Жиын барысында өңір басшысы міндеттемелерін орындамай отырған инвесторларға қатысты қатаң шаралар қолданылатынын ескертті.
«Президент инвестиция тарту мен өндірісті дамытуға ерекше мән беріп отыр. Әрбір жоба – жаңа жұмыс орны, жаңа өндіріс, халықтың әл-ауқатын арттыруға қосылған үлес. Сондықтан бірде-бір жоба қағаз жүзінде қалып қоймауы тиіс. Егер инвестор өзіне алған міндеттемесін орындай алмаса, заң талаптарына сәйкес жер телімін мемлекетке қайтарып, оны жұмыс істеуге дайын басқа инвесторларға беру керек», – деді Нұралхан Көшеров.
«TURAN» АЭА және индустриялық аймақтардың көрсеткіштері

Облыстық өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, жалпы аумағы 3603,3 гектарды құрайтын «TURAN» АЭА аумағында 2019 жылдан бері жалпы құны 1 триллион 263 миллиард теңгені құрайтын 140 инвестициялық жоба тіркелген. Бүгінгі таңда оның 58-і іске қосылып, 3243 тұрақты жұмыс орны ашылды. Толық жүзеге асырылғанда 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.
-
Түркістан қаласындағы өнеркәсіптік аймақта (290 га) құны 157 млрд теңге болатын 14 жоба тіркелген, оның 6-уы іске қосылған;
-
Сауран индустриялық аймағында (365 га) құны 86,9 млрд теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда;
-
Кентау қаласындағы өнеркәсіптік аймақта 7 жобаның 5-уі іске қосылған;
-
«Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында құны 102,1 млрд теңге болатын 5 жоба тіркелген.
Бюджет түсімі және инфрақұрылымды дамыту
Үкімет қаулысына сәйкес АЭА аумағы оңтайландырылып, пайдаланылмай жатқан әкімшілік-іскерлік және тарихи аймақтардың бір бөлігі жалпы қолданысқа қайтарылды. Бұл шешім Түркістан қаласының бюджетіне жер мен мүлік салығы бойынша жыл сайын шамамен 657,7 миллион теңге қосымша кіріс әкеледі.
Жиын соңында облыс әкімі құрылыс кестесінен кешігіп жатқан 8 жоба бойынша нақты іс-қимыл алгоритмін әзірлеуді, сондай-ақ индустриялық аймақтардағы инженерлік-инфрақұрылым, электр қосалқы станциялары мен жер мәселелерін тез арада шешуді тапсырды. Оған қоса, «TURAN» АЭА аумағын 27,5 гектарға кеңейту және аумақтардағы қауіпсіздік пен абаттандыру жұмыстарын күшейту жөнінде бастамалар мақұлданды.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын